Қазақша өлең: Әсет Ақдәулет (Ақ арманым)

Қазақша өлең: Әсет Ақдәулет (Ақ арманым)

Сырларым саған деген көгімде ойнап,
Барады жүрегімді сезім бойлап.
Қос ғашык қол ұстасып бара жатса
Сонда мен сағынамын өзіңді ойлап,
Ақ арманым.

Қиналам жауап іздеп сұрақтарға.
Біздерден бақыт бағы жырақтар ма?
Мен ғана серігің боп қалайыншы
Сен меннен өзге ешкімге сыр ақтарма,
Ақ арманым.

Қимайды біздер барған көл сені де,
Бағынып бұл өмірдің өлшеміне.
Өзге ешкім керек емес, сеннен басқа
Айналдың жүрегімнің бөлшегіне,
Ақ арманым.

Үмітті үзбегейсің ұғып терең,
Қалады сен жоқ жерде суып денем.
Менімен мәңгі бірге болам десең
Сен үшін жүрегімді жұлып берем,
Ақ арманым.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әсет ақдәулет Ақ арманым өлең стихи на казахском асет акдаулет казакша олен, әсет ақдәулет өлеңдері, стихи на казахском языке асет акдаулет, асет акдаулет олендери, Ақ арманым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]