Қазақша өлең: Әсет Ақдәулет (Мұсылман бақыты)
Мына өмірде, ризықсыз қалған бар ма адам?
Қажылыққа біреу барған, бармаған.
Ең болмаса, несібеңді сұрап ал
Он екі мүшең, сау тұрғанда Алладан.
Қайғырдық та, қуандық та, шын күлдік,
Өмір өтер. Бұл дүние бір күндік.
Иманға кел, сондықтан да, тәубе қыл
Беріліп тұрған кезде, мүмкіндік.
Ұға білсең бауырым, сөзімді ашық,
Таңдағы Алла берген сезімге асық.
Бүгінгі күн кешегіден тым басқа
Бақыт қой, оянғаның көзіңді ашып.
Сен бақытсыз, кеше күнді кешіп пе ең?
Шығарсың бәлкім, бақытыңа кешіккен.
Қос жанардан құлақ берген тыңдауға
Бес уақыт азан, шырқалғанда мешіттен.
Екі қолмен, тек жақсылық жасағың кеп,
Еркелейміз жүрсек деп, бас аман тек.
Жүрек берген, ұялатып мейірім
Бізге Алла, рахымы жасалған көп.
Ассалаумағалейкум десе қолмен
Жауап қаттың, Уағалейкум – ассалам деп.
Алладан бізге жеткен шынайы ақпар,
Жайымыз жоқ өзімізді бұлай ақтар.
Бір аяқтан басқан күнәң кешеді,
Арттырар, сауабыңды, бір аяқ бар.
Сыйлықтар көп үмітін үзбегенге,
Күлімсіру, құрмет бөлек, сіз дегенге.
Таза жолмен, пәк күймен жүре білсең
Берер Алла, бақытын көп іздегенге.
Тәубеңе келмей, жәннәтіңді аңсама,
Шүкір етсең, шындыққа жет, тамсана.
Он екі, мүшесі сау, боп тұрып,
Бақытынан айрылғандар қаншама.
Күлімдесе, оған да қуан бір ақ таң,
Қаша алмассың қабірде қояр сұрақтан.
Сауабың мен, күнәмді тең деп ойласаң
Сонда да, үмітің болсын Жұмақтан.
Керек қой жақсыларды үлгі ету тек,
Ата – анаға көрсетіп, күнде құрмет,
Пайғамбарымыз Мұхамедде мақтанатын
Болу керек дәрежеде, “Үмбетім” деп.
Ғұмырды кеш, алды – артыңды ойлана,
Жетелесін тек жақсылық ой ғана.
Бес парызың түгел болса, сол бақыт
Бақыттың, соңы осы деп ойлама.
Нәпсіңді тый, ол да тыныш жай тұрмас,
Дұғаң болса, қиын – өмір байқалмас,
Сұра Алладан, беретін тек сол ғана
Жайған жылап, қолыңды құр қайтармас.
Жаман іспен, бақытыңды ұшырмағын,
Иманға кеп, көрінсе тұсыңнан мың.
Бақыттың да бақыты бар бауырлар,
Ол бақыт – бақыты, мұсылманның!
Қажылыққа біреу барған, бармаған.
Ең болмаса, несібеңді сұрап ал
Он екі мүшең, сау тұрғанда Алладан.
Қайғырдық та, қуандық та, шын күлдік,
Өмір өтер. Бұл дүние бір күндік.
Иманға кел, сондықтан да, тәубе қыл
Беріліп тұрған кезде, мүмкіндік.
Ұға білсең бауырым, сөзімді ашық,
Таңдағы Алла берген сезімге асық.
Бүгінгі күн кешегіден тым басқа
Бақыт қой, оянғаның көзіңді ашып.
Сен бақытсыз, кеше күнді кешіп пе ең?
Шығарсың бәлкім, бақытыңа кешіккен.
Қос жанардан құлақ берген тыңдауға
Бес уақыт азан, шырқалғанда мешіттен.
Екі қолмен, тек жақсылық жасағың кеп,
Еркелейміз жүрсек деп, бас аман тек.
Жүрек берген, ұялатып мейірім
Бізге Алла, рахымы жасалған көп.
Ассалаумағалейкум десе қолмен
Жауап қаттың, Уағалейкум – ассалам деп.
Алладан бізге жеткен шынайы ақпар,
Жайымыз жоқ өзімізді бұлай ақтар.
Бір аяқтан басқан күнәң кешеді,
Арттырар, сауабыңды, бір аяқ бар.
Сыйлықтар көп үмітін үзбегенге,
Күлімсіру, құрмет бөлек, сіз дегенге.
Таза жолмен, пәк күймен жүре білсең
Берер Алла, бақытын көп іздегенге.
Тәубеңе келмей, жәннәтіңді аңсама,
Шүкір етсең, шындыққа жет, тамсана.
Он екі, мүшесі сау, боп тұрып,
Бақытынан айрылғандар қаншама.
Күлімдесе, оған да қуан бір ақ таң,
Қаша алмассың қабірде қояр сұрақтан.
Сауабың мен, күнәмді тең деп ойласаң
Сонда да, үмітің болсын Жұмақтан.
Керек қой жақсыларды үлгі ету тек,
Ата – анаға көрсетіп, күнде құрмет,
Пайғамбарымыз Мұхамедде мақтанатын
Болу керек дәрежеде, “Үмбетім” деп.
Ғұмырды кеш, алды – артыңды ойлана,
Жетелесін тек жақсылық ой ғана.
Бес парызың түгел болса, сол бақыт
Бақыттың, соңы осы деп ойлама.
Нәпсіңді тый, ол да тыныш жай тұрмас,
Дұғаң болса, қиын – өмір байқалмас,
Сұра Алладан, беретін тек сол ғана
Жайған жылап, қолыңды құр қайтармас.
Жаман іспен, бақытыңды ұшырмағын,
Иманға кеп, көрінсе тұсыңнан мың.
Бақыттың да бақыты бар бауырлар,
Ол бақыт – бақыты, мұсылманның!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: