Қазақша өлең: Әсет Ақдәулет (Ерке қыз)

Қазақша өлең: Әсет Ақдәулет (Ерке қыз)

Әні: ЕРСҰЛТАН

1. Сені көргенде көңілдің қаяу мұңдары басылды,
Бұрымың бұлғап, желдерге қарсы қапа – қара шашыңды.
Көрінбей қалай жүргенсің бұрын көзіме ерке қыз
Қалауын тауып жүректің сезім, есігі ашылды.

Қ – сы:
Сырласып жұлдызбен,
Атқанша бір ақ таң.
Кездестім бір қызбен
Өзім де мәңгі
Тербеткен жанды
Сезімді ұнатқан.

Еліктей ерке қыз,
Жан – сырын шертеміз
Болғандай бал шырын.
Сөзіңде сенің
Көзіңде сенің
Мөлдірі тамшының.

2. Кетпеші сеннен, өтінем соны, қасымнан жырақтап,
Жанарың қалған жаныма менің, шынайы ұнап пәк.
Өмірімнен де, көңілімнен де шықпайсың ерке қыз
Жүрекке мәңгі, алғансың өзің, ерекше тұрақтап.

Қ – сы:

3. Сені ойлап көңіл,қалайша күндер мұң күйге тоналды,
Қауышып саған, тәтті күндер де қайтадан оралды.
Өзіңе мені баурап алатын ерекше қылығың
Еркелігің де, есімнен мәңгі, кетпейтін боп алды.

фото: Сымбат Олжабаева

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әсет ақдәулет Ерке қыз өлең стихи на казахском асет акдаулет казакша олен, әсет ақдәулет өлеңдері, стихи на казахском языке асет акдаулет, асет акдаулет олендери, Ерке қыз, Даяшы қыз, қыз туралы өлең, қыздар туралы өлеңдер жинағы, қыз туралы өлең шумақтары, қыздар туралы өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]