Қазақша өлең: Саят Әбенов (Ағаларға айтарым!)

Қазақша өлең: Саят Әбенов (Ағаларға айтарым!)

Адам да табиғаттай құбылмалы,
Батыр боп көрінгенмен бүгін бəрі...
Кешегі Тəшеновтер жерім үшін,
Шыққанша шырылдады шыбын жаны.

ҚАЗАҚТЫҢ аз емес қой тұлғалары,
Ел үшін болам дейтін құрбан əлі.
Бірінші сол кісілер тоқтау айтса,
Үкімет қай уақытта тыңдамады?!

Қайтейін, не көрмедің қайран, елім!
Қырандай қанатыңды жайған едің.
Шындықты жоғарыға жеткізетін,
Намысты ағаларым қайда менің?

Солардан бала кезден үлгі алғанмын,
Болмады ақылынан құр қалған күн...
Жаныңды жылытатын бір ауыз сөз,
Мəні де сонда шығар бұл жалғанның?!

Бекболат ағам неге үндемеді?
Ұлтына тиіп жүрген шын көмегі.
Неліктен осы жолы тіл қатқан жоқ,
Бұл бір ой мазалайды күнде мені...

Қайда жүр Мұхтар ағам "тілім" деген,
Əр сөзі тас жүректі тілімдеген.
Қазіргі бейнелері қарт секілді,
Өкпелеп өз-өзімен күбірлеген.

Тілімді кессе кессін, басым кетсін,
Бастысы көзімдегі жасым кепсін.
Есімін атап өткен ағаларды,
Əлі де құрметтеймін асыл деп шын.

Тұрғанмен көзін көріп, ішін біліп,
"Жер" жайлы кім айтады түсіндіріп?
Сонда біз депутаттың барлығын да,
Қойдық па Парламентке мүсін қылып?!

Біреулер пайда көріп тояттайды,
Бұл билік сақалыңды боятпайды.
Ел сенген ағаларым, ояныңдар,
Мыржақып енді бізді оятпайды!!

[right]26.04.2016
[/right]
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
саят әбенов Ағаларға айтарым өлең стихи на казахском саят абенов казакша олен, саят әбенов өлеңдері, стихи на казахском языке саят абенов, саят абенов олендери, Ағаларға айтарым, ағалар туралы өлең, аға туралы өлең жолдары, аға туралы өлең, агалар туралы олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]