Қазақша өлең: Саят Әбенов (Үйленіп жатқан жігітке тілек)

Қазақша өлең: Саят Әбенов (Үйленіп жатқан жігітке тілек)

Құтты болсын қиған күнің некеңді,
Сезімдерің туыс қылды екі елді.
Отау құру - əр адамның парызы,
Сол парызың бүгін міне өтелді.

Қол ұстасып армандарға жет енді,
Армандама Дубай, Париж, шетелді...
Сый, ырысың тəубе қылсаң тасиды,
Үйің үшін адал еңбек ет енді.

Ең бастысы бақытыңды бағала,
Қас дұшпандар от салмасын араға.
Баяғыдай қыдыруға жол жабық,
Жүгіріс көп... жүрісіңді шамала.

Жақсы келін болсын десең анаңа,
Асыл ана болсын десең балаңа.
Бұл сөзімді түйіп жүрші санаңа,
Осы сүйген жан жарыңды бағала!

Осы жарың айтқаныңа бас ұрар,
Осы жарың мұң-қайғыңды қашырар.
Осы жарың ең бақытты жан қылып,
Осы жарың мерейіңді асырар.

Үйренесін үй болуға қорықпа,
Үйленгендер айтшы жаман болып па?
Бір бұрышта енді аңдып тұратын,
Бойдақ күннен айналып өт, жолықпа!

Бұл сәттерді оралмайтын ғажап көр,
Əйеліңнен басқасынан азат бол.
Бойдақ санын азайтыпсың, ЖАРАЙСЫҢ,
Қазақ санын көбейтетін қазақ бол!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
саят әбенов Үйленіп жатқан жігітке тілек өлең стихи на казахском саят абенов казакша олен, саят әбенов өлеңдері, стихи на казахском языке саят абенов, саят абенов олендери, Үйленіп жатқан жігітке тілек, үйлену тойға тілек жігітке, үйлену тойга тилек досыма, үйлену тойға тілек досыма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]