Қазақша өлең: Жиембет жырау (Еңсегей бойлы Ер Есім)

Қазақша өлең: Жиембет жырау (Еңсегей бойлы Ер Есім)

Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менім кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Меніменен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайындай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды күнім, сізді айымдай.
Сырым саған түзу-ді
Садаққа салған бұлыңдай.
Жұмыскерің мен едім
Сатып алған құлыңдай.
Жүруші едім араңда
Өзіңнің інің менен ұлындай...
Мен, өлсе, құнсыз кетер деме сен
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай!
Тілеуберді құлың мен емес,
Мұның, ханым, жөн емес.
Менің ер екемді көргенсің,
Әуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді қылғансың,
Қайратымды білгенсің.
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға
Сонда бір жайдақ мінгенсің...
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған,
Қаз мойынды ханшаңыз
Қалада тұрып жылаған...
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Қайрылып қайыр қылуға
Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман!
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дәурен сүрермін,
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін!
Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып, бұйырдың
Басын бер деп батырдың -
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес.
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып, алып кетіпті
Қалмақтан алмақ сыйыңды.
Қаһарыңды басқалы
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиенбет сынды биің-ді.
Малын салып алдына,
Әр саладан құйылды,
Он екі ата Байұлы
Бір Тәңірге сыйынды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жиембет жырау Еңсегей бойлы Ер Есім өлең стихи на казахском казакша олен, жиембет жырау өлеңдері, стихи на казахском языке жиембет жырау, жиембет жырау олендери, Еңсегей бойлы Ер Есім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]