Қазақша өлең: Әсет Найманбайұлы (Інжу-маржан)

Қазақша өлең: Әсет Найманбайұлы (Інжу-маржан)

Әуелетіп ән салса әнші Әсет,
Аққуменен аспанда жер тілдесед.
Еркем, сені-ай, сағындым!
Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы.
Жүрегінен күңіреніп желдей есед.
Сағынбасқа не шара?

Інжу-маржан секілді-ай,
Ал көрінген көркіңді-ай,
Гүл майысып, гүл жайнап,
Бір көрінсең, еркем-ай.
Сәйфіл Мәлік – Жамалдай,
Бейнетіңе көнсем-ай!
Қозы-Көрпеш – Баяндай,
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!

Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып,
Орман, тоғай, өзенді жамыратып.
Еркем, сені-ай, сағындым!
Арқыратып ағызып ән нөсерін,
Толқынымен жүректі жадыратып.
Сағынбасқа не шара?

Әуелетіп ал жібер Әсет әнін,
Шарықтасын, шомылтсын әнге маңын.
Аққудайын айналып айға қонып,
Аймаласын, қуансын әнші жаның.
Сағынбасқа не шара?

Інжу-маржан секілді-ай,
Ал көрінген көркіңді-ай,
Гүл майысып, гүл жайнап,
Бір көрінсең, еркем-ай!
Сәйфіл Мәлік – Жамалдай,
Бейнетіңе көнсем-ай.
Қозы-Көрпеш – Баяндай,
Бір молада өлсем-ай!
Сағындырған еркем-ай!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әсет найманбайұлы Інжу-маржан өлең стихи на казахском асет найманбаев казакша олен, әсет найманбаев өлеңдері, стихи на казахском языке асет найманбаев, асет найманбаев олендери, Інжу-маржан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]