Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қостанайға сәлем)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қостанайға сәлем)

Ар ма елі алқапты Қостанайдың,
намысымды жануға қосқан айбын?!
Топырағыңа табаным тірелгенде,
Ахмет бабам бастаған көш қарайды.

Есен бе екен мекені Ыбырайдың,
ала алмаған сынын да сұмырай күн?!
Көкірегімді кернеген жұпарыңнан,
сырларындай Сырбайдың зымыраймын.

Бейімбетті тудырған ерлігіңнен,
Кеңшіліктің жырындай кеңдігіңнен,
Беу, Қостанай, қосыңнан хош көремін,
Ғафекеңді шалқытқан елдігіңнен.

Бүгіп белің, маңдайдан үгіп терің,
тынып па едің үкілеп үміттерің?!
Қонақтайды Көкбөрі-Жүрегіме,
жанарыңнан көшкенде Түрік тегің.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Қостанайға сәлем өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Қостанайға сәлем, қостанай туралы өлең, костанай туралы олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]