Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өз-өзіме сенбеймін…)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өз-өзіме сенбеймін…)

Ғайып күннің ізін кесіп таппадым,
айыптымын…
Үміт-шырақ жақпадым.
Келмес тағы ақталғым да ақтағым,
көнбес еркім жарамады бапқа мың.
Бәлкім, бірдің сенім отын өшірдім,
бәлкім, бірдің гүл-сезімін таптадым.

Біреудің бар маған кінә таққысы,
біреулердің жетпей жүр ғой дат күші,
қолайлыда кеп тұрады сатқысы,
қараңғыда мылтық алып атқысы.
Мені арбады алаяқтың мықтысы,
мені алдады арамзаның әккісі.

Мәпелеумен өсіп-өнер жас шыбық,
судан, нұрдан күтетұғын жақсылық.
Жерге сіңсе тамырынан жас шығып,
топырақ иіп, қала берер тас жібіп.
Жас шыбықтай кезім еді, аптығып,
тағдырыммен мен де көрдім бәс тігіп.

Бірақ, бірақ…
Өмір мені сынады,
жаным өксіп, жас жүрегім жылады.
Тарап кетті сансыз ойдың мұнары,
қурап кетті талай арман шынары.
Содан, білсең, өзге түгіл, шын әлі,
өз-өзіме сенгім келмей тұрады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Өз-өзіме сенбеймін… өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Өз-өзіме сенбеймін…

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]