Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұстаздардың ұстазы)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұстаздардың ұстазы)

(Әбікей Зейінұлы Сәтбаевқа)

Қанағат ап қиялдың қанатынан,
асуында арманның таң атырған.
Әбікей ол – ұстазы ұстаздардың
Баянаула тасынан жаратылған.

Әбікей ол – қатардан асып туған,
Жаратушы ілімді нәсіп қылған.
Сөздерінен Баянның самалы есіп,
Шадыраның жұпарын шашып тұрған.

Әбікей ол – торғайдай шырылдаған,
ұлты үшін жан сөлін сығымдаған.
Тораңғыдай тамырын терең тартқан,
сексеуілдей дауылға жығылмаған.

Әбікей ол – тәлімді жетелеген,
асқарына білімнің төтелеген.
Баянтаудай абырой жинаса да,
биіктемей жүріпті бетегеден.

Әбікей ол – Сәкен де даралаған,
сөзін өлшеп,
санасын саралаған.
«Мың өліп, мың тірілген қазағының»
тағдыры ет жүрегін жаралаған.

Тас бұлақтай санасы сарқыраған,
ақ айдындай жүрегі жарқыраған.
Әбікей ол – тумасы табиғаттың,
ұстаздардың ұстазы, Алтын адам!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Ұстаздардың ұстазы өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Ұстаздардың ұстазы, Әбікей Зейінұлы Сәтбаев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]