Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жетем саған, көктемім, жыр арқалап)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жетем саған, көктемім, жыр арқалап)

Мамыр ойлар адасып далаға ұшқан,
өң мен түсте рухым сан алысқан.
Қара жерге тірелді қара табан,
қарауытып жанарым нала құшқан.

Қара суық,
сары күз,
ала көңіл
арпалысып,
құлазып барады өңір.
Қара дауыл үйіріп үміттерді,
қараңғыда есінен танады өмір.

Қара бұлттың түйілген қабағынан
қаралы маң боздатты назалы ән.
Қара орманда қаңғырып қан жұтады,
қара жебе қадалған жаралы жан.

Ақ сәулелі арманым қайда кеткен,
ақ пен қара арбасып, айлар өткен?!
Көгілдір бу көлбеңдеп көз алдында,
шалғынына аунамай қойды-ау көктем!

Көктем көзі нарқыздай күлімдейді,
ынтық демнен тынысы дірілдейді.
Иран-бақтың тербеткен құшағында
махаббаттың кірпігі ілінбейді.

Маңдайынан Күн сүйген жасыл далам,
жұпар аңқыр ақ нөсер – шашудай ән.
Ару түнді балқытып әкетеді
махаббаттың жалыны басылмаған.

Ессіз сезім ақылды тұрар қамап,
бал бақытқа бөленер, мұнар тарап.
Омыраулап бусанған белдеріңді,
жетем саған, көктемім, жыр арқалап!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Жетем саған, көктемім, жыр арқалап, Жетем саған көктемім жыр арқалап, стихи на казахском языке про весну, Қазақша өлең: Көктем, Қазақша өлең, Көктем туралы қазақша өлең, коктем туралы казакша олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]