Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өзіңсіз дүние бос)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Өзіңсіз дүние бос)

Нұр тұнған тілекпен дара туған,
Жанымның сен болдың әріптесі.
Сыр тұнған жүректен жаратылған,
Әнімнің сен болдың әліппесі.

Аялап, асқақ арманның
бесігін тербеп келемін.
Атырған нұрлы таңдардың
сәулесін сенен көремін.

Көгімде жымыңдап Ай күледі,
жұлдыздар куә боп махаббатқа.
Көңілің сарқылмас айдын еді,
сезімді толтырған шапағатқа.

Өзіңсіз дүние бос қалады,
қалықтап самғамас ой қыраны.
Өзіңнен өмірдің басталады
қуаныш кернеген той-думаны.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Өзіңсіз дүние бос өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Өзіңсіз дүние бос

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]