Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сүйіп пе ең...)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сүйіп пе ең...)

Кең бөлме.
Көкіректе жатыр мұң,
(өңгерген өмір жүгін арқалап).
Кезі келген арайлы таң атырдым
көздерден күдігі көп қалқалап.

Сұлулық тек өзіңе тән еді,
ұлы үміт – аңдығаны жанымның.
Жығылып көрмегеннің әлегі –
тығылып жылуына жалынның.

Шырқаттым Төлегеннің ән-құсын,
тіл қаттың Қыз Жібек боп сен маған.
Жырлаттым жүрегімді, шалқысын,
сыр-бақтың үнін тыңдап, кең далам.

Тағдырым тәлкегіне салса да,
бақ нұрын көріп келем тегімнен.
Бар сырым елеусіз боп қалса да,
бал-жырым арнасынан төгілген.

Биікпен таласар көз қарасы,
иіткен сенсің сезім мамасын.
Күйіп пе ед,
жазылар жан жарасы,
Сүйіп пе ең,
сүйікті боп қаласың!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Сүйіп пе ең... өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Сүйіп пе ең...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]