Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сезімді аяла)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сезімді аяла)

Көкжиектен сағым болған сұлуым,
өзіңменен жолықтырды ұлы күн.
Талайларды тамсандырған нұр бейнең
салды маған махаббаттың құрығын.

Жүректе арна сынды тұрар дәйім,
сезімді аялашы, құралайым.
Сағынып, мұңайғанда іздей-тұғын,
бір сенің наз күлкіңе қуанайын.

Дәурені өтіп, жүдеп тұрған қайыңның,
жақын келіп сұрайды екен жайын кім?
Сенің нәзік көкірегіңді келмейді
ғашықтықтың кәусарынан айырғым.

Сүйген жандар аралайтын бақтан біз
сырлы сезім маржандарын таққанбыз.
Сол бір түні серт берісіп, екеуміз
ақ үміттің мәңгі алауын жаққанбыз.

***

Кеше ғана күн сәулесі ойнаған
бұрымды едің,
Бүгін тойын тойлаған
бойжеткенсің.
Зымыраған Уақыттың
жылдамдығын кімдер болжап, ойлаған?!

Кеше ғана ата-ананың қызығы,
еркесі едің,
махаббаттың жүзігі
тағылды да сүйріктей саусағыңа,
Тасып жатты ынтық сезім қызуы.

Кеше ғана...
Барлығы да кеше еді,
күн зымырап ақша бұлттай көшеді.
Бүгін ғана жалғыздықты сезіндім,
кеш ойландым,
кешіре алсаң, кеш енді!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Сезімді аяла өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Сезімді аяла, сезім туралы өлеңдер, сезім туралы өлең шумақтары, сезім туралы өлең жолдары, сезим туралы олен, сезим билдиру олендер, сезим билдиру олен, ғашықтық сезімді білдіру өлең, қызға сезім білдіру өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]