Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Домбыра)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Домбыра)

Қолыма алсам домбыраны,
шерткен өмір дастанын.
Арман-шыңға қондырады,
нұрға бөлеп қас-қағым.

Атамұра – домбыра,
қырандайын сырың бар.
Құмарыңды қандырар,
балапандай жырымды ал.

***

Қобызым, жеткіз баһадүрлердің дауысын,
делебем қозсын!
Жасындай ойнап намысым.
Надандық билеп,
арамдық төстер күн туса,
құрбан бол, жаным,
Адалдық пенен Ар үшін!

Қобызым, жеткіз Құлагер аттың шабысын,
рухына мінсін Ақандай туған арысым!
Тайраңдап жүрген Батыраштардың бүгінгі
кәлласын қақсын жазықсыз төккен қан үшін!

Қобызым жеткіз, абызым Абай өкпесін,
ұрпақтарына аруағы ренжіп кетпесін.
Екі дүниенің барына сенбес есмалта
ертеңгі күнге мұнафиқ дәнін екпесін!

Қобызым жеткіз, алмассын күнің түніңмен,
шабытымды оят!
Айтылмай қалған сырым мен
жазылмай жүрген жырымды,
жеткізем мен де
шындықтың зарын, қобызым, сенің үніңмен!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Домбыра, домбыра туралы олен, домбыра туралы өлең жолдары, домбыра туралы өлең шумақтары, стих на казахском языке про домбру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]