Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Кел, мамыр, халқымды сүйіндір!)
Кел, мамыр, мейірлен, мамырлап,
күн нұры шашылсын жамырап.
Жібісін қара жер тегімнің
тарихын сіңірген тамырлап.
Хош келдің, мамырым, лағылдап,
жұртымның жанарын жалындат.
Жылғалап жылжыған суыңмен
тіршілік тынысын арындат.
Ойнатып көз ұшын сағымға,
мәз болып қараймыз мамырға.
Бәрі де ән салып кетеді,
бұлбұлдар сайраса бағында.
Жарғанда бұтақтар бүршігін,
сеземін жүрегім дүрсілін.
Аймаңдай жымыңдап түсінер,
айтпай-ақ сезімнің қыр-сырын.
Ынтымақ жарасқан шаңырақ
тұрады қарсы алып таңын ақ.
Береке бастауы, әманда,
татулық, достықтан табылад.
Табиғат үйлесіп тұрғанда,
махаббат билігін құрғанда,
сан алуан ұлттардың баласы
сыйласып жүреді бұл маңда.
Жан-жаққа көк шапан киіндір,
көкорай билесін биін бір.
Бірліктен, айырмай тірліктен,
кел, мамыр, халқымды сүйіндір!
күн нұры шашылсын жамырап.
Жібісін қара жер тегімнің
тарихын сіңірген тамырлап.
Хош келдің, мамырым, лағылдап,
жұртымның жанарын жалындат.
Жылғалап жылжыған суыңмен
тіршілік тынысын арындат.
Ойнатып көз ұшын сағымға,
мәз болып қараймыз мамырға.
Бәрі де ән салып кетеді,
бұлбұлдар сайраса бағында.
Жарғанда бұтақтар бүршігін,
сеземін жүрегім дүрсілін.
Аймаңдай жымыңдап түсінер,
айтпай-ақ сезімнің қыр-сырын.
Ынтымақ жарасқан шаңырақ
тұрады қарсы алып таңын ақ.
Береке бастауы, әманда,
татулық, достықтан табылад.
Табиғат үйлесіп тұрғанда,
махаббат билігін құрғанда,
сан алуан ұлттардың баласы
сыйласып жүреді бұл маңда.
Жан-жаққа көк шапан киіндір,
көкорай билесін биін бір.
Бірліктен, айырмай тірліктен,
кел, мамыр, халқымды сүйіндір!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Туысқан жұрттар тұрағы)
» Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ұлы достық)
» Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Бірлік керек)
» Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Бірлік)
» Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жетем саған, көктемім, жыр арқалап)
» Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Туысқан жұрттар тұрағы)
» Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ұлы достық)
» Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Бірлік керек)
» Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Бірлік)
» Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Жетем саған, көктемім, жыр арқалап)
Іздеп көріңіз: