Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Кел, мамыр, халқымды сүйіндір!)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Кел, мамыр, халқымды сүйіндір!)

Кел, мамыр, мейірлен, мамырлап,
күн нұры шашылсын жамырап.
Жібісін қара жер тегімнің
тарихын сіңірген тамырлап.

Хош келдің, мамырым, лағылдап,
жұртымның жанарын жалындат.
Жылғалап жылжыған суыңмен
тіршілік тынысын арындат.

Ойнатып көз ұшын сағымға,
мәз болып қараймыз мамырға.
Бәрі де ән салып кетеді,
бұлбұлдар сайраса бағында.

Жарғанда бұтақтар бүршігін,
сеземін жүрегім дүрсілін.
Аймаңдай жымыңдап түсінер,
айтпай-ақ сезімнің қыр-сырын.

Ынтымақ жарасқан шаңырақ
тұрады қарсы алып таңын ақ.
Береке бастауы, әманда,
татулық, достықтан табылад.

Табиғат үйлесіп тұрғанда,
махаббат билігін құрғанда,
сан алуан ұлттардың баласы
сыйласып жүреді бұл маңда.

Жан-жаққа көк шапан киіндір,
көкорай билесін биін бір.
Бірліктен, айырмай тірліктен,
кел, мамыр, халқымды сүйіндір!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Кел мамыр халқымды сүйіндір өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Кел, мамыр, халқымды сүйіндір, Кел мамыр халқымды сүйіндір

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]