Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Махаббаттың пәктігі)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Махаббаттың пәктігі)

Көрді.
Сезді.
Көнді.
Сенді.
Бақыттың
бауырында бара жатты батып күн.
Жанарында жымыңдайды сол бір кез –
қанатында қалықтаған уақыттың.

Сағыныштың сауырынан түн өпсін,
аңсаулардың толқынын да үдетсін.
Хақ арманның алынбайтын қамалын
талқандайды лүпілімен жүрек шын.

Сезіміңді баурағанда күй-керім,
мүмкін бе екен қызуына күймеуің?!
Ақ тамақтың солынан бір, оңынан
алма кезек құшырланып сүйді ерін.

Көк белдерге емізеді таңы нұр,
арнасынан тасытады жаны жыр.
Көкейінің мың үмітін арқалап,
жұп келеді жол үстінде тағы бір.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Махаббаттың пәктігі өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Махаббаттың пәктігі, махаббат туралы олендер, махаббат туралы өлеңдер, махаббат туралы өлеңдер казакша, махаббат туралы өлең шумақтары, махаббат туралы өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]