Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Күйші)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Күйші)

(Мемлекеттік сыйлықтың иегері Секен Тұрысбекке)

Домбыраңның үнінде
тағдырыңның мұңы бар.
Шерлі күйдің тілін де
шеменді жан ұғынар.

Шаттық шашып ойнайды
көңіліңнің толқыны.
Сағындырмай қоймайды
сезім сыры мол түні.

Домбыраңның қолға алған
пернесінде – Ар күші.
Бабаларым қорғаған
байтақ дала жаршысы.

Болмысыңды қазақы
қос ішекпен таныттың.
Өшпейтұғын әз аты,
Оғыланысың халықтың.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Күйші өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Күйші

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]