Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ауылым – киелім)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ауылым – киелім)

Көкірегімде тұншығады ауыр үн,
селдете алмай тұрған бұлттай жауынын.
Көшіп-қонып жатса-дағы қауымың,
киең сені тастамайды, ауылым.

Мен де сенен ұзаған ем ертелеу,
бозбала шақ – түсінігі келтелеу.
Енді бүгін мазалайды жиірек,
жігітше бір аңсау менен еркелеу.

Еніп алып илеуіне қаланың,
тереңіне бойлап, сіңіп барамын.
Ауасынан тарылғанда тынысым,
жұпар иісін сағынамын даланың.

Бұлағы жоқ, құрағы жоқ бұл жердің
түсі бөлек қолдан еккен гүлдердің.
Ақ бидайдың қалай өсіп-өнгенін,
ауылым, сенен көріп анық білгенмін.

Арғымаққа мініп алып шаппаймын,
алауды да кешқұрымда жақпаймын.
Тас қаланың тас қамалын паналап,
кейде өзімді қояр жер де таппаймын.

Ақсүйек те жасырмаймын тоғайда,
алтыбақан теппейді жұрт қалайда?!
Алыстап тым кеттім бе деп кейінде,
ауылым, сені алып жүрмін көп ойға.

Тылсымы жоқ тыншымаған түнінде,
қыр-сыры көп шаһардамын бүгінде.
Еркелеген ұлды өзіңе, ауылым,
киең кейін қайтарады түбінде.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Ауылым – киелім өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, туған жер туралы өлең, туған жер туралы өлең шумақтары, туған жер туралы өлең жолдары, туған жер өлең, туган жер туралы олендер, туған жер туралы олендер, туган жер туралы олен, туган жер туралы олен жолдары, туған жер туралы өлең шумақтар, отан туған жер туралы өлең, ауылым туралы өлеңдер, ауылым туралы өлең, Ауылым – киелім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]