Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қазағымның Жерұйығы)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қазағымның Жерұйығы)

Асқар Алтай аспандаған,
Арман-асу, дастан-далам.
Алтынбелім, Көктерегім
Ай сәулесін шашқан маған.
Асыл-маржан Жұлдыз-бағым,
Қаражал мен Құндыз, Балғын.
Алыбайым, Майемерім
әуелеткен ұл-қыздарын.

Аялатқан жанын нұрға,
Жастық алау – жалынында.
Қазағымның Жерұйығы –
Катоным мен Нарынымда.

Ақмаралым, таңымдайсың,
Белқарағай, балымдайсың!
Қаумыш, Марал көлдеріндей
Аққайнарым, арымдайсың!
Ақсу, Берел – көркем жерім,
Жамбыл, Өрел – өлкем менің.
Шұбарағаш, Топқайыңым,
Аршатыда – өркенді елім.

Еңбек, Өрнек тілектері
жарып шығар түнектерді.
Мойылдым мен Жаңаүлгім
баурап алар жүректерді.
Рахманымның қайнарындай,
Бұқтырманың айлағындай,
Берекелі Шыңғыстайым –
бірлігімнің қаймағындай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Қазағымның Жерұйығы өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Қазағымның Жерұйығы, жеруйык туралы олен, жерұйық туралы өлеңдер, жерұйық туралы өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]