Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қазақ елім бұл менің)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Қазақ елім бұл менің)

Асқар тауын, дархан дала, айдынын
аялаған баспасын деп қайғы-мұң.
Бабалардың найзасында ойнаған
азат күні қазағымның – айбыным.

Кеңдігімен танылған –
байтақ жерім бұл менің.
Ерлігімен танылған –
қазақ елім бұл менің.

Алтын күнге қанат қақты қыраным,
Бостандықты аңсап келді пырағым.
Желтоқсанның ызғарында шыңдалған
қазағымның қайсарлығы – тұмарым.

Отаны мен отауының ақ таңы,
бақыт шағы – арайланып атқаны.
Асқақтаған Астананың ажары –
қазағымның армандаған мақтаны.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Қазақ елім бұл менің өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Қазақ елім бұл менің

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]