Қазақша өлең: Шөже Қаржаубайұлы (Бәйтікті жамандағаны)

Қазақша өлең: Шөже Қаржаубайұлы (Бәйтікті жамандағаны)

Кім өлсе, соған түсер заманақыр,
Өлмесе, жол шетінде неғып жатыр?
Айраншы шешең күң деп естуші едім,
Түпсіз құл емес пе едің бауыры тақыр.
Сенің шешең айраншы,
Бүтін көйлек кимеген,
Аузына өкпе тимеген,
Бетін жумай, кір-кір боп,
Жылап өткен дүниеден...
Шапаны болған жамаулы,
Қайғыда өткен қаяулы.
Күні-түні таяқ жеп,
Көрмеген еді аяуды.
Көзінен жасы кеппеген,
Кет десе де кетпеген.
Жаман шолақ шапаны
Дізесіне жетпеген...
Бетін жумай ас берген,
Ер Қанайға қас келген.
Ел жайлауға көшкенде,
Далада сенің шешеңді
Ыстық күнге тастаған.
Саптыаяқтай қара күң
Ауылда ұрыс бастаған...
Басына шомыт жастаған.
Басына шомыт жастанып,
Қойшы менен қолаңға
Жатады екен бас салып.
Құдай пайда қылған соң,
Анаңның біттің қарнына.
Атаң Тілеуберді,
Қанай болған соң,
Арамнан, батыр, тусаң да,
Ақыры келдің орныңа...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шөже қаржаубайұлы Бәйтікті жамандағаны өлең стихи на казахском шоже каржаубайулы казакша олен, шөже қаржаубайұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шоже каржаубайулы, шоже каржаубайулы олендери, Бәйтікті жамандағаны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]