Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Он екі айда жаз келер)

Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Он екі айда жаз келер)

Он екі айда жаз келер,
Құс алдында қаз келер.
Айтып-айтпай немене,
Дәуреніңіз аз келер.
Сондай заман жеткенде,
Шаңырағың тұл болар.
Еліңе қауіп төнгенде,
Ата ұрпағың құл болар.
Қараларың қас болар,
Қаскөйлерің бас болар.
Өзі сары, көзі көк,
Орыстар келер ғалым боп.
Әулиедей көрінер,
Діндәрінің аты - поп.
Поптары болар сазандай,
Кітабы болар қазандай.
Ақыретке барғанда,
Ақсүйекті қор тұтқан,
Қараны онан зор тұтқан,
Орыстарды пір тұтқан,
Сорлы болған қазағым,
Тартарсың сонда жазаңды-ай!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
үмбетей жырау Он екі айда жаз келер өлең стихи на казахском умбетей жырау казакша олен, үмбетей жырау өлеңдері, стихи на казахском языке умбетей жырау, умбетей жырау олендери, Он екі айда жаз келер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]