Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Бөгенбай өліміне)

Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Бөгенбай өліміне)

Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың, Бөгенбай!
Болмашыдай анадан
Болат тудың, Бөгенбай!
Қалақайлап дулатқан,
Қалдамандап шулатқан
Қалмақты алдың, Бөгенбай!
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгенбай!
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай!
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай!
Жалаңқия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған
Білегі жуанбүркіттің
Тегеурініндей Бөгенбай!
Баянаула, Қызылтау,
Абыралы, Шыңғыстау,
Қозы Маңрақ, Қой Маңрақ,
Арасы толған көп қалмақ;
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың!
Ақшәуліге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың;
Қалмаққа ойран салдырдың!
Қабанбай мен Бөгенбай,
Арғын менен найманға
Қоныс қылып қалдырдың!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
үмбетей жырау Бөгенбай өліміне өлең стихи на казахском умбетей жырау казакша олен, үмбетей жырау өлеңдері, стихи на казахском языке умбетей жырау, умбетей жырау олендери, Бөгенбай өліміне, богенбай батыр туралы жыр, Бөгенбай өліміне туралы жыр, бөгенбай батыр туралы жыр, бөгенбай батыр туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]