Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ей, махаббат! Ей, достық!)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ей, махаббат! Ей, достық!)

Ей, махаббат! Ей, достық!
Алдама, сендер жалғансың.
Құр мазақтап, мәз болып,
Бойды аулаққа салғансың!

Дүние рахат, достық бар,
Тұрмыста жоқ суық қар.
Дүниені жауыз дегендер
Бәрі жынды, ақмақтар.

Көрсе қызар, құмарпаз
Байламап па еді бағыңды?
Адасасың сен, Махмұт,
Алданып қума сағымды.

Бес-он жылдар шыдашы,
Аларсың сонда тағыңды.
Сондай бола тұрып та,
Шыдамай саған не қылды?

Тәубе, уәдеңді жаңылып,
Мінезің неге қағынды?
Сен алданып жүргенде,
Сындырар тұрмыс жағыңды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Ей махаббат Ей достық өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Ей махаббат Ей достық, дос туралы өлең, досытқ туралы өлең, дос туралы олен, достык туралы олен, дос туралы өлең шумақтары, дос туралы олен жолдары, стихи на казахском языке о дружбе, стихи на казахском языке про друга, стихи на казахском языке о любви, махаббат туралы олендер, махаббат туралы өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]