Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Дін)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Дін)

Дін деген — өтірікке нану деген,
Көңілге өнбес қиял алу деген.
Қиямет күн ғарасат майданына
Өлген адам тіріліп бару деген.
Хор қызын жиырма бестен алу деген,
Мәңгілік, өлмей-жітпей калу деген,
Өлмейтін, картаймайтын жайға апарып,
Пендесін басқа күйге салу деген.
Дозақта күнәлілер жану деген,
«Кәпірді» зор азапқа салу деген.
Мұсылманнан басқаның бәрі иттей боп,
Өшпес от, бітпес бейнетте қалу деген.

Бұл — молданың өтірігіне сену деген,
Жетегіне соқырдың еру деген.
Алдамшының алдаған сөзіне еріп,
Қолда барын сыпырып беру деген.

Өлген адам тіріліп келу деген,
Қартаймай, өлмей тірі жүру деген,
Жақындық жоқ, ұйқы мен тамағы жоқ
Мәңгілік ұзақ өмір сүру деген;
Жұмаққа қазақ қана кіру деген,
Ол сырды қожа-молда білу деген —
Ежелгі надандықтың кесірі ғой,
Ғылымға бой ұсынбай іру деген.
Миға кірмес өтірік сөз емес пе,
Мұның бәрі — бос мылжың үру деген.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Дін өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Дін, Дін туралы өлең, дин туралы олен, стихи на казахском языке о религии

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]