Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Біреу бай, біреу жарлы)
Біреу бай, біреу тере, біреу жарлы,
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсықтар семіріп жүр көміп арды.
Қайдан табам халықтың шын баласын,
Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп ұшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп әзірге сандаласың.
Ондай адам болған ғой, болар тағы,
Өмірлік барлық ісі — елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер әлі-ақ бір күн бақыт таңы.
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсықтар семіріп жүр көміп арды.
Қайдан табам халықтың шын баласын,
Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп ұшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп әзірге сандаласың.
Ондай адам болған ғой, болар тағы,
Өмірлік барлық ісі — елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер әлі-ақ бір күн бақыт таңы.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Біреу бар...)
» Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Төрттағандар)
» Қазақша өлең: Көтеш ақын (Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ораза)
» Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сабақ жазбай, өлең жазып, бұзық боп....)

Іздеп көріңіз: