Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын)

Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын,
Ақ анар, жұпар иіс, мамық қойын.
Мінезді, сөзге епті, әңгіме ұста,
Өмірдің қыздыратын жастық тойын.

Сүйріктей ақ білекті шебер саусақ,
Ақ шаңқан балапандай тұрған жусап.
Жаратылыс мақтаны — сұлу қызды
Көрген сайын құмарық артар сусап.

Ақ уыз — дене көркі, тік қос алма,
Магниттей тартқызған көрген жанға.
Әзірге көргенмен де, көптің бірі,
Мендік боп, мені сүйсең арман бар ма!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]