Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шоң» серіктігін ашардағы тілек)
Баршаға мейрім салған, мейірбанды тәңірім,
Ісімізді өзің оңғарып, оңға бастыр!
Қазағыңды ақ, түзу жолға бастыр!
Әлемге шам-шырақ болған, пайғамбар,
Саған салауат айтып, жолыңды қудық,
Баташы бол,
Әулие, аруақ!
Жебе, қолда!
Қазақ қалмасын,
Қорқынышты жолда.
Құдай! Өзің білесің,
Ниетіміз ақ:
Берсейші бізге бақ!
Сенен сұрамай,
Кімнен сұраймыз
Қашан болса да,
Бір өзіңе жылаймыз!
Ісімізді өзің оңғарып, оңға бастыр!
Қазағыңды ақ, түзу жолға бастыр!
Әлемге шам-шырақ болған, пайғамбар,
Саған салауат айтып, жолыңды қудық,
Баташы бол,
Әулие, аруақ!
Жебе, қолда!
Қазақ қалмасын,
Қорқынышты жолда.
Құдай! Өзің білесің,
Ниетіміз ақ:
Берсейші бізге бақ!
Сенен сұрамай,
Кімнен сұраймыз
Қашан болса да,
Бір өзіңе жылаймыз!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шоң» серіктігін ашарда)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір баланың тілек батасы)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Маңайымнан әрмен кет)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Шәкірт ойы)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ж...)

Іздеп көріңіз: