Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Өмірімнің уәдесі)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Өмірімнің уәдесі)

Оллаһи! Ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен,
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Іншалла бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа.
Сенемін еңбек қылсам, бақыт жақын,
Келер жаз атақты алам деген «ақын».
Жүректің қазынасы тазартылса,
Пайдасын көрер әлі-ақ ертең халқым.
Тұрмыстың оғы шыбындай,
Тезінен туар көңілімде ай.
Бір мағнауи күш түртіп,
Баққа ұмтылып тұр маңдай.
Үміттің көзі жарқырап,
Бұлағы ағар сарқырап.
Бұл бәйгеде Махмұттың
Азбаны келер арқырап.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Өмірімнің уәдесі өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Өмірімнің уәдесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]