Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қыз сүю)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қыз сүю)

Қыз десе әркім кетер қызуланып,
Көңілге әлдеқайдан от кеп жанып.
Ең арты аппақ қу бас шалдар-дағы
Қояды бір қиқаңдап құшырланып.
Дүниеде жан саясы қыз дейсің ғой,
Құмартып құлқың құрып іздейсің ғой.
Мылқау, кеще, таз, тазша болсаң-дағы
Қыз тимес деп күдерді үзбейсің ғой.
Қыз сондай сен іздеген сұлу болса,
Көргенде құмарланып кеудең толса,
Алмас қылыш жүзіндей аударылып,
Көлеңкесі көңіліңе барып қонса.
Бойы тік, сын-сымбаты түзік болса,
Саусағы сылдыраған жүзік болса.
Екі беті үлбіреп, көзі жайнап,
Белдері тартқан сымдай нәзік болса.
Өн бойың қарағанда ду-ду етсе,
Сыртың қысылып, тұншығып ішің күйсе.
Ал сонда асыла кетіп, бұраң етіп,
Қайтер едің, жігітім, қолға тисе?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Қыз сүю өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Қыз сүю

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]