Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қарағай да қайғырып)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қарағай да қайғырып)

Қарағай да қайғырып,
Суылдайды заманға.
Иесінен айрылып,
Кездескен берік қамалға.
Ақ қайың да дірілдеп,
Әлденені күткендей.
Қайғылы үнмен күбірлеп,
Сөйлейді тіл біткендей.
Дауылға әлсіз қара ағаш,
Күдерін үзбес өмірден.
Бұтасыз түбі жалаңаш,
Тас топыраққа көмілген.
Шоғырлы біткен сом терек,
Жыл сайын қажып, кемиді.
Қуарып қызыл гүл шешек,
Өлімге өзін телиді.
Жаңа өспірім жас шілік,
Жер тұлғасы болады.
Бақытты тұрмыс — тіршілік
Бір кезде соған қонады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Қарағай да қайғырып өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Қарағай да қайғырып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]