Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қандай басшы)
Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?
Өзі үшін бір қалаға барып келсе,
Керек-жарақ нәрсесін алып келсе.
Одан артық басшыны қазақ таппас,
Шығынын он есе ғып салып келсе.
Газет-журнал басшыны мадақтаса,
Өтірік-ақ оған кір жолатпаса,
Көрінген мінін-дағы бетке айта алмай,
Аңшының итіндей боп алақтаса.
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?
Өзі үшін бір қалаға барып келсе,
Керек-жарақ нәрсесін алып келсе.
Одан артық басшыны қазақ таппас,
Шығынын он есе ғып салып келсе.
Газет-журнал басшыны мадақтаса,
Өтірік-ақ оған кір жолатпаса,
Көрінген мінін-дағы бетке айта алмай,
Аңшының итіндей боп алақтаса.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Төре көрсе жалаң бас шұлғып, билеп)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қызық қандай адамды қыздыратын)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қандай)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Осы да әділдік пе?)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Нешелер көз жасы төгілді)

Іздеп көріңіз: