Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын)

Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын,
Кім білсін, қандай екен ішкі сырын.
Әдепсіз, молда алдында тасыраят,
Біле алмай отыруды әнтек қырын.
Бай қызы бұлғақтаған, ерке-шолжың
Күңге лайық кескін мен сыртқы формың
«Бақ та қатын» деген бар, «сор да қатын»,
Тосып жүрген сені де бар бір сорлың.
Сабақты бірге оқып, болдық таныс,
Отырған орын жақын, көңіл алыс.
Жібек, торғын жапқанмен көрініп тұр
Жүндеген түйедей боп, қара қайыс.
Паңсынған, бай қызы боп мінез қандай,
Көрік, сымбат, білімі түгел жандай.
Кейде «ерке боламын» деп әуреленет,
Қара талыс қапшығын есіне алмай.
Сені де дүние үшін біреу алар,
Кім болса да екінші, сорға қалар.
Есі дұрыс жан болса сенен гөрі,
Деп айтпас «сеніменен бағым жанар»,
Естісе, әкең азбан қырына алар,
Басыма арылмастай пәле салар.
Тамақтың құлы болған қызыл ауыз,
Аласысыз өшігер, иттей талар.
Естісе әркім мұны жаттап алар,
Алты бақан тепкенде әнге салар.
Әкесінің көз құны бардай іздеп,
Кім жазғанын боз азбан тінтіп табар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Қайқы құйрық шұбар қыз істік мұрын өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын, Қайқы құйрық шұбар қыз істік мұрын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]