Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Соғыстың кесірі)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Соғыстың кесірі)

Неше қыршын жастардың
Кеудесінен оқ өтіп,
Ауыздарынан қан кетіп,
Ішіне тартылып көздері,
Ыңырану боп сөздері,
Шытынап көкшіл көздері.
Елестеп көзіне арманы,
Жетем деп ойға алғаны,
Елдегі қатын-баланың,
Әке, шеше, ағаның
Көрмей, жылап қалғаны.

Міне сондай заманда,
Жау әскері қаланда;
Мал-мүлкіңнен күдер үз!
Ажары тәуір қатын-қыз
Зорлауы мен таланда.
Талай милар бұрқырар,
Саз балшықтай табанда.
Адам күші жетер ме,
Мұнан да әрі жаманға?!
Сондайларды ұялмай,
Қосармысың адамға?...
Больницаға барғанда,
Сай-сүйегің сырқырап;
Кейбіреулер қорқырар,
Кейбіреулер қырқырап,
Дәрігер пышақ салғанда:
Кейлер шыңғырып, шырқырап.
Кейінің ерні кезерер,
Ымдап жұтым су сұрап;
Өкпе тұсы - жан жерден.

Жан тұратын әр жерден,
Кейінің қаны бұрқырап.
Қайғыланып отырар,
Көзден жасы жылтырап...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Соғыстың кесірі өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Соғыстың кесірі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]