Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мұңдылардың жолыққаны)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мұңдылардың жолыққаны)

Жаралған қалай ғажап мынау аспан,
Қаз бауыр ақ торғындай бұлт басқан.
Жалтырап гауһар тастай көкте жұлдыз
Қараған мұңдылардың көңілін ашқан.

Толқиды шөп бастары соққан желден,
Ай-дағы нұрын шашты шығып белден.
Желменен еміс-еміс естіледі,
Дауысы төбеттердің үрген елден.

Теп-тегіс бұл уақытта ұйықтаған ел,
Бұл сорлы жапа-жалғыз астында бел.
Көңілге әрбір түрлі қиял салып,
Сүйеді бетінен кеп ойнаған жел.

Қапалы, мөлдіреген көзде жасы,
Көз салып елді байқар сорлы басы.
Көзіне болар-болмас көрінеді,
Бүгжеңдеп қыз аңдыған ауыл жасы.

Өңі жоқ, тұрғандай-ақ жаңа дерттен,
Айрылған мұнша неғып сорлы еттен?
Зығырмен қайнап шыққан көзден жасы,
Бейне бір меруерт еді аққан беттен.

Осылай жалғыздықты дәрмен етіп,
Отыр еді әр түрлі ойға кетіп.
Ығынан бір төбенің көрініс берді,
Айтысқан уәдесіне о да жетіп.

Балбырап қызыл гүлдей отырған жас,
Көңілінде ой, тілеп аққан көзінде жас.
Бұл риза қылыш ұстап қарсы алуға,
Жолымда түзуліктің кетсе де бас.

Түрегеп қадам басты қоңыр қаздай,
Ұмытып көрген бейнет ала жаздай.
Жолығып бұл минутте не істеді:
Оқушы түсер өзі мен де жазбай.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Мұңдылардың жолыққаны өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Мұңдылардың жолыққаны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]