Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Көңілім, неге жасисың?)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Көңілім, неге жасисың?)

Көңілім, неге жасисың?
Миым, неге ашисың?
Ой түбіне жете алмай,
Жүректі тырнап қасисың.

Көзім, неге таласың?
Үмітсіз қарап барасың.
Түтінің жоқ, отың жоқ,
Тұншығып кеудем жанасың.

Иығым неге басыңқы?
Түсім неге қашыңқы?
Өзімнен-өзім салбырап,
Етек-жеңім шашыңқы.

Жау талаған ойыңды,
Көтермейсің бойыңды.
Тұрмыстың ұзын құрығы
Бұрды ма түсіп мойынды.

Бейхабар жатыр ата-анам,
Көре алмай көзім қала ма?
Барғаның сәлем дегейсің,
Қаралы болған анама.

Он тоғызда жасыма,
Қасірет түсті басыма.
Көре алмай қалсақ арманда,
Уайымдап бізді жасыма.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Көңілім неге жасисың өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Көңілім неге жасисың

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]