Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ләнет бұлты шатырлап)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Ләнет бұлты шатырлап)

Ләнет бұлты шатырлап,
Жай түсіп неге қатпаймын?
Жер жарылып сатырлап,
Түбіне неге батпаймын:
Ит, құсқа бас игізген,
Көкейімді күйгізген,
Дүниеден ләззат таппаймын.

Көрмегенді көріп бас,
Заһар болып ішкен ас.
Қапаланған көңілден,
Төгіле-төгіле қанды жас.

Дүние бәрі у екен,
Мені алдайтын қу екен.
Өткізген өмірім бұл күнгі,
Пайдасыз қызу ду екен.

Білімсіз талант тас екен,
Өмірің үшін қас екен.
Далақтап шапқан бай ұлы
Тоқтаса, көзі жас екен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Ләнет бұлты шатырлап өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Ләнет бұлты шатырлап

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]