Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Кешегі күндей түсті бұлт басқан)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Кешегі күндей түсті бұлт басқан)

Кешегі күндей түсті бұлт басқан,
Еңсесі төмен түсіп әлі қашқан.
Булығып тамағына ызалы ойлар,
Көздері көрінбейді толған жастан.

Не ғажап: кеше толған, бүгін солған,
Басына ауыр дәулет қайғы қонған.
Тұрған жас көзде толып, саулап кетті,
«Ал, қош!» деп айырғанда қолды қолдан.

Елжіреп, еріп, жанып жүрек, өкпе,
Ауыздан бұрқыратар түтін көкке.
Ол жердің қылмыстарын, тұрмыстарын
Мың жылда келтіре алман сөйлеп епке.

Мен сонда жүріп кеттім аяқ санап,
Артымнан ол мұңайып қалды қарап.
Ілгері басқан аяқ кейін тартып,
Бұ күнде менің көңлім әлеп-жалап.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Кешегі күндей түсті бұлт басқан өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Кешегі күндей түсті бұлт басқан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]