Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жылы кеш)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жылы кеш)

Жазғы кеш, жарық айлы, қоңыр самал,
Рахат таза ауасын жұтқанда бал.
Сұлу жұлдыз жымыңдап шақырғандай
Көрікті нұр сәулеме «өзіңді сал.
Алтын ай толықсыған сар дөңгелек,
Нұр сепкен жер жүзіне аспанды өрлеп.
Жұлдыздар да тұрған жоқ босқа қарап,
Ай сәулесін күшейтеді көтермелеп.
Көк ауа, мөлдір аспан бейне жібек,
Көргеннің көңілі өсер, ойы түлеп.
Ай бауыры, көк орайдың қойнында
Сырласар сыбырменен сүйген жүрек.
Оранып гүл-шешекке жұпар иіс,
Жайқалған жапырағы жасыл бүліш.
Құшақтап қалқатайды орман кезсең,
Бақыт табар, жаның да болар тиыш.
Ол жерің су жағасы болса мүйіс,
Тоқталса демалыс боп ұзақ жүріс.
Аспаннан ай сәулесі тіктеп түскен,
Басталса ақ тамақтан тәтті сүйіс.
Сол түннің кетпес еді суреті естен,
Ондай сүйген махаббат болмас өшкен.
Қартайып көр аузында тұрсаң-дағы,
«Ау, дариға» дегізіп, ойға түскен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Жылы кеш өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Жылы кеш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]