Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жас жүрек)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жас жүрек)

Жас жүрек, қайда сенің ыстык қаның;
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін?
Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп,
Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бәрін.
Қызған темір жатқандай көкіректе,
Сыймайтын мезгіл қайда қанға, жаным?
Нанғыштық, құлай сенгіш, тәтті үміттен
Бұл күнде, айтшы, неге бет бұрғаның?..
Жиіркеніп, көргің келмей өзіңді-өзің,
Қамығып неге осынша құрыды әлің?

Әлде сенің кең жайлау жазың жоқ па?
Шалқар көл, қиқу салған қазың жоқ па?
Жел жетпес, қолда қыран, алтын дабыл,
Құс-аңды құтқармайтын тазың жоқ па?

Әлде алдында жүрмей ме сылаң қағып,
Даланың еркелері үкі тағып.
Табиғат өксімей ме әдемі үнмен,
Бозторғаймен қосылса әнге салып.

Сен сонда ұқпаймысың оның сөзін,
Көмір деп ойлайсың ба қара көзін?
Мағыналы сол қара көз бір жалт етсе,
Жынданбауға етерсің қалай төзім.

Жас жүрек айтты сонда: сөзіме нан,
Сол себептен ішімде жылы емес қан;
Шындық, достық таппадым, сандал қағып
Өмір бойы алдандым тапқанымнан.

Бүгінге адасудан көз ашпадым,
Не нәрсені көздесем, тап баспадым;
Дүниеден басқа рақат тілемеймін,
Кеш, арым, мен білместің адасқанын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Жас жүрек өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Жас жүрек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]