Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жан қалқам)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жан қалқам)

Енді, әрине, мен бір шөп
Қозғалмаймын тіпті көп.
Қозғалмаймын демеймін,
Толқитын енді жерім жоқ.

Неге еспейсін желіңнен,
Аяймысың еріңнен.
Жан қозғарлық жар болсаң,
Кел құшақтат беліңнен.
Бұйырғанды көрерсің
Қимылдатқан ерніңнен.

Қарадың неге, жан қалқам,
Күйдірейін дедің бе?
Етіп қалдың бір жалтаң,
Сүйдірейін дедің бе?

Өзегімді жандырдың
Идеямнан тандырдың.
Өмірлік кетпес қайғымды
Бір көз салып қалдырдың.

Қызықтырдың басыңа
Бас имеуші едім ғаламға.
Неғып тарттың қасыңа
Танданбаушы едім адамға.

Көлеңкеңді көрейін,
Құрбандықта өлейін;
Жандырдың өзің өрт салып,
Баспасаң қайтіп сөнейін?

Бір қараумен ерітесің
Жүректің мұз тондарын.
Бір күлумен серпесің
Тағдырдың суық қолдарын.

Көріп жүрсем күндеймін,
Көрмей жүрсем түндеймін.
Қимақ тұрсын, жат жаннан
Көлеңкеңді күндеймін.

Сені көріп тұрғанда,
Күн мен жұлдыз, ай да жоқ,
Жүрегім лепіріп жұлғанда,
Патша да, құдай да жоқ.

Бәрі сенің бір өзің:
Күн, ай, жұлдыз — дәл көзің.
Мың қайтара тәу етем,
Аузыңнан шықса бір сөзің.

Сен жоқ болсаң, қарағым,
Дүние жүзі маған көр.
Барлық талайым...
Цифры жоқ, сенсіз ноль.

Сірә да жалғыз мен емес,
Сенсіз дүние кең емес.
Ауруым қатты өлемін,
Өзіңнен баска ем емес.

Маған салсаң еңкейіп,
Қатайып кет, жасып кет.
Әрі барсаң теңкейіп,
Өлексе боп сасып кет.

Айнымас менің сүйгенім,
Сөнбес жанып күйгенім.
Бетіңнен сонда сүйгізсең,
Көз жасымды игенің.

Осы сұю жолдаста
Болмаса, кеттің оңбасқа.
Екеуіңде бірдей бол,
Болмадың ондай — жол баспа.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сұлтанмахмұт торайғыров Жан қалқам өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Жан қалқам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]