Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Талап)

Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Талап)

Әр дәулет саған даяр етсең талап,
Бақ келмес іздеп сені, жатсаң қарап.
«Нұр жауар талаптыға» деген қаттар,
«Жүргенде жөрем ...» бар ғой бұрыннан-ақ!
«Жалғызбын, жаралымын» деп қорғалмай,
Сал құлаш бір өзіңді жүзге балап.
Әрбірі талаппенен тауып жатыр,
Дүниеде неше өнерлі көрсең санап.
Өзіңде етіп еңбек тапқан мал жоқ,
Қалайша күн көресің ұрттап, жалап?
«Зат болмас сатып алмай ...» дегендейін,
Қиын ғой жұрт болуың қолға ьқарап.
Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа,
Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап.
Көз салып осыларға ойланатын,
Біздерде жігер, намыс бар ма, қазақ?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сәбит дөнентаев Талап өлең стихи на казахском сабит донентаев казакша олен, сәбит дөнентаев өлеңдері, стихи на казахском языке сабит донентаев, сабит донентаев олендери, Талап, Талап туралы олен өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]