Қазақша өлең: Тәтіқара ақын (Кебеже қарын, кең құрсақ)
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Артық туған Абылай,
Көтере көр бұл істі.
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентиін Сырымбет
Оқ жіберіп ұрысты.
Ақыл қалмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда.
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда!..
Артық туған Абылай,
Көтере көр бұл істі.
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентиін Сырымбет
Оқ жіберіп ұрысты.
Ақыл қалмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда.
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда!..
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Көтеш ақын (Абылай, Ботақанды сен өлтірдің)
» Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай, Абылай сен он бір жасыңда)
» Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Жиделібайсын жетіңіз)
» Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай, Абылай, Абылай)
» Қазақша өлең: Тәтіқара ақын (Қамыстың басы майда, түбі сайда)

Іздеп көріңіз: