Қазақша өлең: Омар Шораяқұлы (Ұстаздарым)

Қазақша өлең: Омар Шораяқұлы (Ұстаздарым)

Аш, бабын сөздің, дүр Омар,
Жөн болса сөзің тыңдалар.
Келіспесе кестесі-
Ретсіз сөзді кім тыңдар!
Намақұл сөздің мысалы:
Аң көрмей ұшқан далаға,
Алмайтын құспен тең болар.
Лепесі қабыл ғазиздың,
Жақсының сөзі ем болар.
Нағыз ділмар сөйлесе,
Есіткен адам таңданар,
Жай жүргенде-бәрі де ат,
Шапқанда, шама аңдалар.
Халық ішінде қадірлі,
Үнемді басқан қадамы,
Тимеген не бір жорға бар!
Әр дүкенде бір зауыт,
Ашылып тұрған форма бар.
Шернияз, марқұм Бұдабай-
Кетпеген сөзі ұнамай!
Сарыбай Сәдір, Әзілкеш-
Және-дағы би Бекіш
Тап салмаған таусылып,
Сағасы терең арналар.
Сырманның ұлы Аяған,
Табылған сөзі оядан,
Көңілі-шалқар көлмен тең,
Үйрек ұшып, қаз қонар.
Уаһ, дариға, өтті Толыбай-
Сөз жүйесін тиеген,
Дулығалы құба нар!
Шақ айтса да, шағулы,
Шегебайдың сөзінен-
Хауіп етіп әркім қорғалар.
Олардай жүйрік жоқ енді-
Бағынан бұлбұл ұшырған,
Опасыз дүние бейқарар.
Балқы Базар, дүр Оңғар-
«Алқа!» деп атты қойғанда,
Қаншама пырақ болса да,
Қарасын көрмей қаңғалар.
Ересім жүйрік Ешнияз-
Есіткен жан тоймайтын
Шекермен сөзі барабар.
Қарасақал Ерімбет-
Нұсқалы сөздің кестесі,
Қалам, қағаз ұолға алса,
Тіл мен жағы қозғалар.
Дүзбенбетұлы Жиенбай-
Ақ домбыра қолға алып,
Ұшатын құстай қомданар.
Ерегіскен ер болса,
Екі талай жер болса,
Аянбай шауып жолды алар.
Абақан Кете Аманжол-
Алуға қардар табылса,
Жеңісік тауар онда бар.
Киікшіден шыққан қос жүйрік,
Сүйкімбай мен Сүйіндік-
Әнмен сөзін ажарлар,
Әрі жырау, һәм бақсы,
Сөйлесе сөзі тым жақсы,
Сарыбайдан шыққан Құлназар.
Алтын Топжан, Әлібай,
Егесті жерде тоқталмай,
Нұсқалы жауап сөз табар.
Есенжол, Жүсіп һісімді-
Сөздері сұлу пішімді,
Жаңа өрім жүйрік-бозбала
Байлауда тұрған тағы бар...
Таң айырған жүйрік бар,
Қосылған соң шабылар,
Көрінгенмен жарысқан
Бір шобыр біздің қолда бар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
омар шораяқұлы Ұстаздарым шораяқов өлең стихи на казахском омар шораякулы казакша олен, омар шораяқұлы шораяқов өлеңдері, стихи на казахском языке омар шораякулы, омар шораякулы олендери, Ұстаздарым, Қазақша өлең: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні, Қазақша өлең, 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні қазақша өлең, ұстаз туралы өлең, ұстаз туралы өлең жолдары, ұстаздар туралы өлең шумақтары, мұғалім туралы өлең шумақтар, ұстаз туралы өлең шумақтары, устаз туралы олен жолдары, устаз туралы олен шумактары, устаз туралы олен, мугалим туралы олен, стихи на казахском языке учителю, стихи на казахском языке на день учителя, Қazaқsha өleң: 5 Қazan - Ұstazdar (Mұғalimder) kүni, Қazaқsha өleң, 5 Қazan - Ұstazdar (Mұғalimder) kүni қazaқsha өleң, ұstaz turaly өleң, ұstaz turaly өleң zholdary, ұstazdar turaly өleң shumaқtary, mұғalim turaly өleң shumaқtar, ұstaz turaly өleң shumaқtary, ustaz turaly olen zholdary, ustaz turaly olen shumaktary, ustaz turaly olen, mugalim turaly olen, stihi na kazahskom yazyke uchitelyu, stihi na kazahskom yazyke na den uchitelya

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]