Қазақша өлең: Нұржан Наушабайұлы (Тақпақ)

Қазақша өлең: Нұржан Наушабайұлы (Тақпақ)

Хұрметлу зайғы ғұмырдан -
Ұйқыда көрген түс артық.
Тар жерде тайғақ кешуде,
Ерлерің қылған күші артық.
Қу қанжыға жүйріктің
Топырыштан несі артық.
Көктемесе жаңбыр боп
Қайырсыз жаздан қыс артық.
Тобылғылы шұбардан
Панасыз таудың несі артық.
Қадір білмес туғаннан
Құныңды білген дос артық.
Дүниеге қару қылмайтын
Қартайған шалдан жас артық.
Ауру үшін жан қиған
Туысы жақсы бас артық.
Білмей шалқып сөйлеуден,
Сөйлемей тұру бес артық.
Аталы болған жаманнан
Өзі болған тек артық.
Кейінге үлгі қалдырған
Шешендердің тілі артық.
Әрбір істің қалпына
Аңғырттықтан еп артық.
Шаппайтын алмас қылыштан
Қолдағы қамшын көп артық.
Суы ащы теңізден
Томар да болса көл артық.
Арық малдың етінен
Бір тостаған сөк артық.
Сайран етіп жүруге
Қараңғы түнен күн артық.
Қара озып кеткен шешен жоқ,
Өзімнен озып көп артық.
Шамалы жерге тарықпан,
Салсаң да ауыр жүк артық.
Мағынасын біліп түсінген,
Сөйлейді демес неге артық.
Таразы махшар күнінде
Алла білер кім артық.
Күні суық зымыстан
Қаһарлы қыстан жаз артық.
Көз жұмып күш еткеннен,
Базына қылған наз артық.
Шаң көрсетпес жүйрік жоқ,
Қара озып кеткен, оза артық.
Он ұл туса біреуден
Бірінен-бірі жүз артық.
Бағасынша өзінің
Қалайыдан жез артық.
Ойға салсаң нұржанның
Көп ақыннан сөзі артық.
Бейғамал жеңіл көңілден
Сабыр еткен ой артық.
Кішілік жоқ ақылға
Керек емес бой артық.
Әр құралын сай болсын,
Шаман келсе, жи артық.
Жаныңа жаны қосылған
Досқа болмас сый артық.
Жәуһарында мыс қылмай,
Сақтауға керек ми артық.
Тыңдашы, ей, даналар,
Бұл сөзімді біл артық.
Неше топқа салғанда
Мүдірмей кеткен тіл артық.
Жиренше сынды шешеннен,
Осы күнде кім артық?
Қызыл гүлің сормай тұрып,
Ер жігітке тәубе артық.
Ғазиз жанын тілейді,
Қастеліктен сауды артық...
Қызығып қақпан басарсың,
Достан көрсең жауды артық.
Бейасылдан асыл артық,
Нәсілсізден нәсіл артық.
Дос көңілін жаралап,
Іс қылмайды асып артық.
Кір жұқтырмай бойына,
Сақтап жүрер басын артық...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
нұржан наушабайұлы наушабаев Тақпақ өлең стихи на казахском нуржан наушабаев наушабайулы казакша олен, нұржан наушабайұлы наушабаев өлеңдері, стихи на казахском языке нуржан наушабаев наушабайулы, нуржан наушабаев наушабайулы олендери, нұржан наушабайұлы өлеңдері, нуржан наушабаев олендери, Тақпақ, такпак туралы олен, Тақпақ туралы өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]