Қазақша өлең: Нұржан Наушабайұлы (Қатын үш түрлі)

Қазақша өлең: Нұржан Наушабайұлы (Қатын үш түрлі)

Бір қатын сыйлаумен қатын,
Бір қатын қинаумен қатын.
Нағыз қатын, сол қатын -
Һәр нәрсені ойлаумен қатын.
Қатының жақсы боса
Көңілді жықпас.
Ыңғайын біліп,
Сөзіңнен шықпас.
Ақмағына жолықсаң,
Өз бойына мін тақпас.
Жұмсақ сөйлесең,
Жеңемін деп
Мылтық жасап атсаң да бұқпас.
Қатын алсаң, таспа белді торыны ал,
Ол болмаса аққұбаның зорын ал.
Бұл екеуі болмаса, қажымайтын қараны ал.
Бұл үшеуі болмаса,
Жүзі сары, көзі көк,
Былшылдаған сөзі көп
Соған жолығарсын...
Адам болар жігіттің
Етек-жеңі кең болады.
Қошқар болар қозының
Маңдайлары дөң болады.
Құлан қағынан жерінсе,
Су таба алмай шөлде өледі.
Өзінің басын зор еткен,
Ағайынын қор еткен жігіт
Атасы басқа бір елде өледі.
Аштық не жегізбейді,
Тоқтық не дегізбейді.
Атаның баласы аштан өлсе де
Асатпай жемейді.
Жетесі жаман нәсілсіз
Жеп отырса да мә демейді.
Ер бергендей досың болсын,
Жер бергендей қосың болсын.
Жігіт емес бір сөзінде тұрмаса,
Ат қадырын еш білмес
Жаяу жүрмесе,
Жолда бір аштық, машақатты көрмесе,
Үйде ыстық нанның қадірін білмес,
Жігіт керек асыл заттан,
Өнер үйрен ұстадан,
Өткір қылыш саф болаттан,
Шаппаған нәмәрт жігітке.
Болат қылыш қап түбінде жата ма,
Жастық болса егесіңді өте ме.
Жолдас болсаң, мәрт адамға жолдас бол,
Өзі өлмей әр кез тастап кете ме.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
нұржан наушабайұлы наушабаев Қатын үш түрлі өлең стихи на казахском нуржан наушабаев наушабайулы казакша олен, нұржан наушабайұлы наушабаев өлеңдері, стихи на казахском языке нуржан наушабаев наушабайулы, нуржан наушабаев наушабайулы олендери, нұржан наушабайұлы өлеңдері, нуржан наушабаев олендери, Қатын үш түрлі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]