Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Қауыштық-ау ақыры)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Қауыштық-ау ақыры)

Өзің жақтан естимін теңіз демін,
Шалғыннан да таппадым,жоқ іздерің.
Жылы жақтан оралған жыл құсының,
Жанарынан аяулым, сені іздедім.

Көз алдымда сол күндер тұрады әлі,
Талайды ұқтым сен маған ұнағалы.
Кей бір қызың қылмысып күлгенінен,
Кей бір қызың әдемі жылағаны.

Жанымдасың,жасқаншақ ырым бітті,
Саған жазған шықса екен жырым мықты.
Сенен көрем таусылмас сезімдерді,
Сенен көрем тағы да сұлулықты.

Таптым ақыр, мен сені жолықтырдым,
Құшағыма қуаныш болып кіргің.
Сұлу емес, шын сұлу, сүйген сұлу,
Мұның мәнін ақыры сен ұқтырдың.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
медеу демеу медеуұлы Қауыштық-ау ақыры өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Қауыштық-ау ақыры

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]