Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сезім сергелдеңі)
Мен жүрсем санап жаныңды сенің арай шын,
Сезімді неге сағымға әкеп орайсың.
Қуанту үшін жүрсем де іздеп күн сайын,
Неліктен қабылдамайсың?
Кездессін мейлі, жолыңда алынбаған шың,
Тек өзің сенсең бұл мендік жанымдағы айсың.
Сүймесең егер, қинама қысқа ғұмырда,
Өтінем, сағынбағайсың.
Демеші және жұлқынып жалындамайсың,
Тапқаның адал болсын да, табылмағай сұм.
Болса егер менде телегей теңіз жақсылық,
Тек өзің бәрін алғайсың.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзіңсіз өмір тамұқтай)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйгенің сатып кетсе егер)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзің бе, әсем...)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Жазылмаған жырым сенсің)
» Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Жүрегіңнен жай тапсам)

Іздеп көріңіз: